Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шүйдесі жарылған… Жерлеп болғанша аузымды аңдып тұрды” - Ләззат Асанованың анасы (ВИДЕО)

13:59, 16 желтоқсан 2025

Желтоқсан оқиғасының құрбаны, Халық Қаһарманы Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова қызының ақтық сапарға татандырған күнді еске алған сәтін ұсынады Alash.kz.

Ләззат бірден қайтыс болған. Ләззаттың басы, шүйдесі жарылған. Сүйегін апарғанда өзім таң атқанша күзетіп, ұйықтамай сол күні шығарып салатын күні бас-аяғын қарап, ұшып өлді деген соң “үгітіліп кетті, сынып қалды” деп ойладым ғой. Ештеңе де болмаған. Өзі де сондай сүмбілдей әдемі болған еді. Сол бойы жатыр. Басын сипасам, қолым кіріп кетеді. Басқа жарақат жоқ. Тек баста. Ләззат қайтыс болып, сүйегін апарды. Ербол Сыпатаев екеуі бір ауданнан еді. Екеуінің сүйегін бір күнде апарды. “Ерболды алаңда мас болып, қайтыс болды. Ләззат 5 қабаттан ұшып өлді” деп алып барды. Екеуін бір күнде. Қашан Ләззатты жерлеп болғанша ешкім кеткен жоқ. Менің аузымды аңдып тұрды елдер. Байқап сөйлеңіз. Байқап айтыңыз. “Мама, сіз мен үшін ДАРА” деп жазып кетіпті. Хатында солай жазып жіберді. “16 жастағы бала ондай сөзді қайдан біледі” деп ойлаймын. Енді ойлап жатырмын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар