Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Билік өкіліне күш көрсеткен» - Олимпиада жүлдегері үш жылға сотталды (ФОТО)

14:24, 15 желтоқсан 2025

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қазақстандық еркін күрес шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты үкім шығарды. Спортшы үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот материалдарына сәйкес, Дәулет Шабанбай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап екі немесе одан да көп адамға қатысты билік өкіліне күш қолдануды көздейді.

Іс Павлодар қаласының сотында қаралып, үкім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді. Қазіргі таңда аталған жағдайға қатысты қосымша түсініктемелер мен ресми ақпараттар нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай — халықаралық ареналарда Қазақстан атынан өнер көрсеткен, ел спортына үлес қосқан белгілі балуан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар