Ақтау қаласынан 39 шақырым қашықтықта теңіз жағалауына жақын аумақтан авиациялық снарядқа ұқсас зат анықталды, деп жазады Alash.kz.
Оқиға бойынша құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған затты аңшы байқаған. Ол дереу «102» нөміріне хабарласып, ақпарат полицияға жеткізілген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен саперлер жұмылдырылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, табылған бұйым коррозияға ұшыраған П-50-75 үлгісіндегі оқу мақсатындағы авиациялық снаряд болып шыққан. Мамандардың бағалауынша, ол тұрғындар үшін қауіп төндірмеген.
Соған қарамастан, табылған зат заңнама талаптарына сәйкес тіркеуге алынып, оның шығу тегі мен аумақта пайда болу жағдайларын анықтау мақсатында полиция тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр.