Нұрлан имам әлеуметтік желідегі қате түсініктерге түсініктеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz
Әлеуметтік желіде Нұрлан имамның айтқан ойлары қызу талқыланып жатыр. Бұған байланысты имам өзі желіге кеше видео жариялап, қоғамда тараған сын-пікірлер мен айыптауларға нақты жауап берді.
Нұрлан имамның айтуынша, оның сөздері толық тыңдалмай, контекстен жұлынып алынған. «Шала-пұла естіп алып, түсінбей, арғы жағын өз ойларынан құрастырып алу дұрыс емес», – дейді ол. Имам кей тұста эмоцияға беріліп, ойды толық жеткізе алмағанын да жасырмады.
Сонымен қатар, ол «тек намаз оқи бермей, білім алып, әрекет жасау керек» деген пікірінде «тек» сөзінің айтылмай қалғанын түсіндірді. Бұл сөз теледидар эфирінде, жолдан шаршап келген сәтте айтылғанын атап өтті.
Ипотека мәселесіне қатысты да пікір білдірген Нұрлан имам «ипотека алыңдар» деген сөз айтпағанын, тек «банкке ақша жинап, үй алуға бола ма?» деген сұраққа «жинап үй ал» деп жауап бергенін жеткізді. Сонымен бірге, өзін айыптап жүргендердің өздері банк қызметін мүлде қолданбай ма деген сауал тастады.
Имам кейбір дін өкілдерінің әрекетіне де наразылық білдірді. Оның айтуынша, бір облыстың бас имамы әлеуметтік желіде оның суретін пайдаланып, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. «Ғайбат туралы уағыз айтып жүрген адамның өзі соған амал етпесе, қалай болады?» – дейді Нұрлан имам.
Сөз соңында ол имамдардың басты міндеті бір-бірінің сөзін аңду емес, керісінше халықты білімге, бірлікке, мейірім мен кешірімге шақыру екенін атап өтті. «Құран мен хадисті дұрыс түсіндіріп, ұлтты біріктіруге қызмет етсек – нұр үстіне нұр болар еді», – деп түйіндеді ол.
Жариялаған видеоның астында оқырмандар белгілі имамды қолдап “аға, ондайларға мән бермеңіз, ақталмаңыз, халық сізді қолдайды!”, “сіздің әр сөзіңіз орынды, баға жетпес қазына!”, “халықтың имамы, басқа имамдар көре алмайды сізді”, “өте орынды, қолдаймыз” деген сияқты пікірлер қалдыруда.
Жарияланған видеоның астында оқырмандар имамды қолдап пікір қалдырған:
- «Аға, ондайларға мән бермеңіз, ақталмаңыз, халық сізді қолдайды!»,
- «Сіздің әр сөзіңіз орынды, баға жетпес қазына!»,
- «Халықтың имамы, басқа имамдар көре алмайды сізді»,
- «Өте орынды, қолдаймыз».
«Жаңа жыл, ипотека, намаз оқымау»: Нұрлан имам бұрыс ақпараттарға жауап берді (видео)
Ерлан Қарин: Радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек
13:25, 01 қараша 2026
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026
«Қандай жұмысқа тартылды?»: Перизат Қайраттың колониядағы өмірі туралы белгілі болды
10:48, 31 қазан 2026