Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз еркімен кетуі мүмкін емес»: Түркістан облысында 15 жастағы оқушы із-түзсіз жоғалып кетті (ВИДЕО)

17:11, 31 наурыз 2026

Түркістан облысында 15 жастағы Хасен Марданның хабар-ошарсыз кеткеніне сегіз күн болды, деп жазады Alash.kz. 

Жасөспірім наурыз айының 21-і күні үйінен шығып кетіп, содан бері отбасымен байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта жақын туыстары мен еріктілер жасөспірімді жан-жақты іздестіру үстінде. Баланың ата-анасы тұрғындардан кез келген ақпарат бойынша көмек көрсетуді сұрап отыр.

Іздеудегі баланың анасы ұлының бұрын-соңды үйінен себепсіз кетіп қалмағанын және сабағын жақсы оқығанын айтады. Оқиғаның мән-жайын баяндаған анасы:

«Төрткүлден Түркістанға қарай 21 күні достарына барамын деп шығып кеткен. Ертесі күні хабарласқанымда суретін жіберуін сұрадым. Мұңды болып көрінді. Үнемі байланысып тұрдым. 23 күні таңертең қайтарда дос баласымен автовокзалға бара жатып, бұрылып кетеді басқа жаққа. Ұлым ешқашан бұлай істемейтін еді. Қайда жүргенін білмейміз», - деп мәлімдеді. 

Соңғы рет байланысқа шыққан кезде оқушының көңіл-күйі төмен болғаны байқалған. Хасен Марданның әкесі де бірнеше күннен бері баласынан ешқандай хабар ала алмай отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, 23 наурыздан бастап жасөспірімнің телефоны сөндірулі. Туыстары оның мұндай әрекетке өз еркімен баруы мүмкін емес деп есептейді, сондықтан оқиғаның басқа да себептері болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Қазіргі таңда іздестіру шараларына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған. Жасөспірімді көрген-білген немесе орналасқан жері туралы ақпараты бар азаматтардың +7 778 292 31 63 (әкесі) нөміріне немесе «102-ге» хабарласуы сұралады. Әрбір дерек баланың тезірек табылуына септігін тигізуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар