Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өз бақылауыма алдым: Министр марқұм Ақнәрдің ісіне қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

13:47, 28 мамыр 2025 360

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Алматыдағы тұрғын үй кешенінің терезесінен құлап қаза тапқан 22 жастағы Ақнәрдің өліміне қатысты резонансты іске алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды ALASH.KZ ZTB.kz сайтына сілтеп.

Әділовтің айтуынша, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

«Қазіргі таңда жәбірленуші тараптың барлық уәждері тексеріліп жатыр. Бұл қылмыстық істі өз бақылауыма алдым. Тергеу әрекеттері толық көлемде жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Сондай-ақ ол бұл іс бойынша тәркіленген бейнежазбаларға видеофоноскопиялық сараптама жасалып жатқанын хабарлады.

Іс бойынша куәгерлер, соның ішінде қорғау құқығына ие тұлғалар да жауап алуда.

Атап айтқанда, марқұммен бірге пәтерде болған екі қыз дәл осындай мәртебемен тергеліп жатыр.

Бұған дейін марқұмның туыстары оның өліміне зорлық-зомбылық белгілері бар екенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Қыздың анасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да жүгініп, істі «өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабынан «адам өлтіру» және «азаптау» баптарына қайта саралауды сұраған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар