Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отандық гимнаст Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды

09:10, 25 мамыр 2026

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Отандасымыз гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Финалда Эвелина Ежова 12,850 ұпай жинады.

Екінші орынды хорватиялық Тина Зельчич (12,650) иеленсе, өзбекстандық Дилдора Арипова (12,450) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, 24 мамыр күні Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс медаль еншіледі. Ал Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру бағдарламасында үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда топ жарса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар