Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отандық боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

09:26, 20 мамыр 2026

Қазақстан құрамасы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирде жеті медальға ие болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Аталған байрақты бәсекеде жалғыз алтын медальді Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін) жеңіп алды.

Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар