6-8 наурыз күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен өткен II Әлем чемпионатында отандасымыз топ жарды, деп жазады Alash.kz.
Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.
Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы:
1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)
Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.