Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты дауға нүкте қойды, деп жазады Alash.kz.
Баян Мақсатқызы тарихи фильмдегі камзолды киіп, бойжеткен қызын ұзатқысы келетінін айтты:
Осыдан 15 жыл бұрын елде ешқандай сәнде, трендте болмаған тұста «Қазақ аруы» жобасын жасадық. Қыздарға қазақтың ұлттық киімін кигізіп, сұлулық сайысын ұйымдастырдық. Ал, қазір Қыз Жібектің камзолы да ең танымал костюмге айналды. Әрбір қыз осы киімде ұзатылсам деп, армандайтын болды. Енді мен де ортаншы қызым Айару Бақытбектің «Қыз Жібек» тарихи фильміндегі камзолмен ұядан ұшып, бақытты болғанын қалаймын. Күтеміз… Ал, содан кейін ғана мен бұл камзолды музейге өткіземін…