Өскемен қаласының 7 мектебінде сабақ уақытында оқушылар порнографиялық видеолар қараған, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұндай жағдайлар мектептерде өте жиі байқалады. Кейбір мектептерде балалар букмекерлік сайттарға кірген.
Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп), Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы облыстың барлық мектебінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтеріп, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне қадағалау актісін енгізді (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі), – деп жауап берді прокуратураның баспасөз қызметі.