ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды.
ТЖМ-ның Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Белгілі болғандай жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы жанған.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 шаршы метр алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өскеменде Жаңа жыл түні 7 адам өрттен құтқарылды
Соңғы жаңалықтар
«Қайта орала алмады. ДНҚ тестін тапсырдық»: Бельгиялық Жәнібек оқиғасын айтты (ФОТО)
09:08, 23 қараша 2026
Қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды – Ербол Мырзабосынов
22:00, 22 қараша 2026
СҚО-да республикалық автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
20:00, 22 қараша 2026