Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орыс халқын безбүйрек ұлт деп ойламаппын!

05:53, 28 наурыз 2022 340
 



Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге қатысты жаңа мәлімдеме жасады.
«Жасы жиырмаға жетпеген жас балалар өмір көрмей өліп жатыр. Біз олардың мүрдесін қайтарып бергіміз келеді. Өлі денені сақтап отырмаймыз. Бірақ Ресей тарапы украин жерінде оққа ұшқан өз жауынгерлерін керек етпеуде. Сонда олардың іздеушісі жоқ па? Ата-анасы ажалға айдап салған ұлының тағдырына алаңдамай ма? Путин үшін украин жерінде ажал құшқан орыс солдаттары қоқыс ретінде қалуы тиіс сияқты. Соған көзім жетті…» деді Украин президенті.

Зеленский өз сөзінде «Орыс халқын осыншалықты безбүйрек ұлт деп ойламаппын!» деп мәлімдеді.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=r_kIoGCn1_4[/embed]





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар