Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өрлеу» ұлттық орталығының басқарма төрағасы тағайындалды

16:30, 20 сәуір 2026

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Жайық Серікқалиұлы Шарабасов «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұжымына жаңа басқарма төрағасы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлын таныстырды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Ғалымжан Бауыржанұлы – білім беру саласында тәжірибесі мол білікті басшы. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы математика пәнінің мұғалімі ретінде бастап, әр жылдары мұғалім, ұйымдастырушы, директордың орынбасары және мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылы Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы қызметін атқарып, сол жылдың 7 қазанынан бастап Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.

Жаңа басшыны таныстыру барысында вице-министр орталықтың алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып, педагогтердің кәсіби дамуын жүйелі қолдау, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар