Дархан Қызайбаев «Ордабасы» футбол клубының президенті болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 2009-2014 жылдары Америка Құрама Штаттарында білім алып, Penn State University университетінде «Экономика және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленді.
Коммерциялық және өндірістік салаларда басшылық қызметтер атқарып, стратегиялық даму және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарына жетекшілік етті.
Сондай-ақ әр жылдары Дархан Еркінұлы бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болды. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс атқарды.
Айта кетейік, қазірге дейін бұл қызметті Асхат Сейсембек атқарған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өткенін хабарлаған едік.