“Орда” тобының әншісі Әнші Дастан Оразбеков топтың таралу себебін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Қазір нақтылай айта кетсек, ары қарай “Орданы” қалай дамытамыз деген жоспарымыз тоқтатылды. Әдетте “Орда” тобы өмірі бір үзілістермен жүреміз. Бір кезде жұлдызымыз жарқ ете қалады да, содан кейін бір тоқталамыз да арада бір пауза, үзілістен кейін қайта шығамыз. Менің өзімнің жан дүниемнің түбінде бәрібір “Орда” тарады деп айта алмаймын. “Орда” үшін есік ашық тұрған сияқты. Егер жігіттер қайтадан бас қосайық десе, бәрін тастай салып, қайтадан бас қосуға дайынмын. Бірақ енді қазіргі өзіміздің жоспарларымыз, жеке шығармашылықтарымыз көбірек болғандықтан тобымыз таралды. Осыны дұрыс көрдік”,- деді әнші Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында.