Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оралдағы лагерьде 10 жастағы бала соққыға жығылды. Директор мен тәлімгер жұмыстан қуылды

11:46, 07 шілде 2024 462

Батыс Қазақстан облысында лагерь директоры жұмыстан босатылды. Тәлімгер де жұмыстан босатылып, білім басқармасы тексергеннен кейін тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылды. Бұл жайлы "Мой город" басылы хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша білім басқармасы басшысының м.а. Лаура Батырғалиева:

"Балалар және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілді", - деді.

Еске сала кетсек, 10 маусымда Оралда 10 жасар бала мен оның әпкесі "Атамекен" балалар лагеріне жіберілген. Қалалық білім бөлімі оларға су тасқынынан зардап шеккендер ретінде жолдама берген.

“Қызым балалардың бірінің телефонын алып, 14 маусымда маған қоңырау шалып, баламды лагерде ұрып-соғып жатқанын айтты. Кешке барып балаларды алып кеттім. Себебі ол жақта балаларға ұнамайды деп ойладым. Сол кезде балаларды лагерь директорының өзі шығарып салды. Үйге келген соң ұлым денесіндегі көгерген жерлерін көрсетті. Ұлымның аяғы, қолы мен денесі көгерген. Айтуынша, оны 8-10 шақты жігіт спорт залда, көшеде ұрып-соққан. Неге мұндай жағдай орын алды? Бұған қалай жол бердіңіздер?” – дейді баланың әкесі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар