Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оралда 12 жастағы баланы жер суаруға арналған құрылғы жұтып, ажал құштырды

20:04, 10 шілде 2024 747

Орал қаласы маңындағы Дерқұл ауылының 12 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Көпшіліктің көз алдында баланы жер суаруға арналған сорғы құрылғысы жұтты. Куәгерлер балаға көмектесуге тырысқан, бірақ, қайғылысы, ажалға арашашы бола алмады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

12 жастағы бала ағасымен бірге Дерқұл өзеніне шомылуға барған.Құрылғы сүзгісіз жұмыс істеген және оны ешкім қадағаламаған. Жай қосып, баланы тартып ала жөнелген: 

«Жағалауға жақын жерде көкөніс бақшасын суару үшін сорғы жұмыс істеген. Мен оның кімге тиесілі екенін білмеймін. Аманның сол аяғын сорғы жамбасына дейін сорып алған. Құрылғы сүзгісіз жұмыс істеген және оны ешкім қадағаламаған. Жай қосып, кетіп қалған. Куәгерлер ұлымды құтқара алмады. Ұлымды судан шығара алмады. Ер адамдар оның басын судан шығарып ұстап тұрған, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар келіп, құбырды кесті. Аманды құбырмен бірге судан шығарды. Жедел жәрдем оны реанимациялап, аман алып қалуға тырысты, бірақ оның пайдасы болмады. Ұлым суды көп жұтып қойған, аузынан көбік шықты, аяғы көкпеңбек болды», - деді Аманның анасы Мирамгүл Есетова.

Баланың анасы сорғының ештеңемен қоршалмағанын айтты.

«Жағаға жақын орнатылған және кез келген шомылушы менің ұлымның орнында болуы мүмкін. Мен мұндай қайғы-қасіреттің басқа біреумен болғанын қаламаймын. Кінәлілерді тауып, жазалауды талап етемін», - деді жүрегі қан жылаған ана.

Полицияның тергеу амалдарын бастағаны хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар