Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орал тұрғыны музыка даусын қатты шығарған көрші әйелді аяусыз сабап тастаған

16:31, 15 ақпан 2025 918

Орал қаласында сот қатты музыка үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýh порталына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

«Орал тұрғыны өз пәтерінде қатты музыка қойып, тыңдап отырған. Бұл көршісінің ашуын туғызған. Ол әйелді сабырға шақырмақ болып, есігін қаққан, алайда жауап болмаған. Кейін ашуланған ер адам есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ол әйелді тауып алып, бірнеше рет басы мен денесінен ұрған. Артынша оның басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің кінәлі деп танып, 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасын белгіледі. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар