Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орал: су тасқынына төтеп беруге 400-ден астам адам күш біріктірді

11:52, 18 сәуір 2024 387

16 Сәуірде “Дала қырандары" жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы елдімекендерді табиғи құбылыстардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты.

Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке ҚР Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт түрлерінің өкілдері қосылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Спортшылардың осы акцияға қатысуы ынтымақтастық, командалық рух және басқаларға көмектесу сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді. 

Қазіргі уақытта Орал қаласына Серік Сапиев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусинов, Сергей Цырульников, Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебіспаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова және т.б. танымал спортшылардан құралған алғашқы эшелон Зачаганск елдімекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстарына ат салысуда. Жергілікті тұрғындарға көмекке 400 адам жиналды. Олар ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б түрлі спорт түрлерінің өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар