Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқушылардың сырт келбеті мен маникюр дауы: Министр мектептегі шектеулерге қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

17:06, 08 қыркүйек 2026

Оқушылардың шаш бояуы мен сырт келбетіне қойылатын талаптар төңірегінде туындаған дауға қатысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Кейбір білім беру ұйымдарында оқушылардың сырт келбетіне, атап айтқанда, шаш бояуға, тырнақ өсіріп маникюр жасауға немесе белгілі бір шаш үлгісін ұстануға қатысты қатаң шектеулер қойылып келеді. Осыған байланысты қоғамда мұндай талаптардың қаншалықты заңды әрі орынды екені төңірегінде пікірталас жиі туындайды.

Бұл мәселенің мән-жайын білу үшін БАҚ өкілдері Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға тікелей сауал жолдады. Өз кезегінде Министр мектеп қабырғасында бекітілетін кез келген ішкі тәртіп ең алдымен бала құқығын таптамауы тиіс екенін айтты.

Ол - заңның талабы. Әрбір мектептің ішкі тәртіп-ережесі бар. Сондықтан да, әр мектеп өз тәртіп-ережесіне сәйкес балалардың сыртқы келбетін регламенттеуді биыл бастаған екен. Біз балалардың сыртқы келбеті оқу процесіне кедергі келтурмеуі керек деп санаймыз. Сондықтан да, оның барлығы балаларды кемсітуге, дискриминацияға жол бермеуі керек. Барлығында ортақ мектептің формасы, сонымен бірге ұқыптылықты, әдептілікті көрсететін сыртқы бейнесі болуы қажет деп санаймыз.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар