Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеуге дайын

16:19, 28 ақпан 2025 118

Оқу-ағарту министрлігі елімізде TikTok желісіне қатаң шектеу қою туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп.

Оның айтуынша, осы әлеуметтік желіні ойлап тапқан Қытайдың өзінде балаларға TikTok-та отыруға тәулігіне 40 минут қана уақыт беріледі. Бұған қоса бала білім және дамытатын контентті ғана қарай алады.

Осыған байланысты министрлік Мәжіліс депутаттарының кәмелет жасына толмаған балалар үшін TikTok-ты қатаң шектеу туралы ұсынысын қолдайды.

«Құқықтық алаң аясында, әрине, біз мұндай бастамаларды қолдайтын боламыз», - деді Жұмаділдаева Сенат кулуарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар