Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахталардың бірінің жұмыскерлері материалдық-техникалық жарақтандыру және еңбек жағдайына қатысты бірқатар мәселені көтеріп, «Қазақмыс» компаниялар Тобының басшылығына жүгінді. Компания басшылығы еңбек ұжымы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп жазады Alash.KZ.
Ашық және сындарлы диалог барысында тараптар кәсіпорын жұмыскерлерін толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады. Айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар белгіленген тәртіпке сәйкес одан әрі пысықтау үшін қарауға қабылданды.
Көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі ұзақ жылдар бойы жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты болды. Осыған байланысты басшылық жұмыскерлердің еңбек жағдайын одан әрі жақсарту, сондай-ақ өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында инвестициялық бағдарламаны кеңейтіп, оның іске асырылуын жеделдетуге ниетті.
Компания қолданыстағы корпоративтік тетіктер мен әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек ұжымы өкілдерімен өзара іс-қимылды жалғастыра береді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік үдеріс бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
«Қазақмыс» компаниялар Тобы еңбек ұжымымен ашық диалог орнату қағидатын ұстанады және еңбек ұжымымен өзара іс-қимылды кәсіпорынды дамыту, еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру және жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын жетілдірудің маңызды элементі ретінде қарастырады.
Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдай: «Қазақмыс» ресми мәлімдеме жасады
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026