Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Ақсуат жұрты Руслан Өтепбайға ерекше құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен ат мінгізді.
“Ардақты ағайын!
Өмірімде тұңғыш рет маған жылқы тарту етілді.
Кеше Абай облысының Ақсуат ауылында өткен «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер мерекесіне қатысып қайттым. Осы игі шара барысында Ақсуаттың ақжарма халқы ат мінгізіп, иығыма шапан жапты.
Қазақ үшін ат мінгізу - жай ғана сый емес, үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан көрсетілген ықылас пен сый-құрметке қатты қуандым. Тіпті қуаныштан төбем көкке екі елі жетпей қалды десем артық емес.
Мені құрметтеп, ат мінгізіп, шапан жапқан барша Ақсуат жұртшылығына шын жүректен алғысымды білдіремін. Ақ ниеттеріңіз бен ыстық ықыластарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!
Құрметтеріңізге көп рақмет!”,- деп жазды Руслан Өтепбай.