Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Биыл аяқталады! Халық игілігіне беріледі”: Нұрлыбек Нәлібаев ел асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

13:57, 10 маусым 2026

Қызылорда – Жезқазған автожолының құрылысы биыл толық аяқталады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Вице-премьер Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдының сауалына берген жауабында Қызылорда – Жезқазған автожолының қашан пайдалануға берілетінін айтты.

"Шынында да, өткен жылдың соңында "Қызылорда – Жезқазған" автожолының 216 шақырымының құрылысы аяқталды. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтап, оны халық игілігіне беретін боламыз. Сонымен қатар "Қарағанды – Жезқазған" автожолы – аса маңызды жобалардың бірі. Жолдың ұзындығы 575 шақырым, құны 524 млрд теңгені құрайды. Оның құрылысын да осы айдың соңына дейін бастаймыз және алдағы екі жыл ішінде сапалы түрде аяқтаймыз", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар