Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пулемет ұңғысында патрон қалып қойған». Сарбаз өлімі: Талдықорғандық офицерге үкім шықты

14:15, 09 маусым 2026

Талдықорған гарнизонында сарбаздың өліміне себепші болған батальон командирінің орынбасары төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әскери прокуратураның хабарлауынша, Алматы гарнизонының әскери соты атыс жаттығуларынан кейін қару-жарақтың қауіпсіздігін тиісінше тексермеген офицерге қатысты үкім шығарды. Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында қаруға техникалық қызмет көрсету барысында орын алған. Батальон командирі орынбасарының салғырттығынан пулемет ұңғысында патрон қалып қойып, кездейсоқ атылған оқ мерзімді қызметтегі қатардағы сарбаздың өмірін қиды.

Сот алдына келген әскери шенді азамат ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған сот шешімімен төрт жылдық түрме жазасы кесілді. Дегенмен, шығарылған бұл сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар