Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ішімде жатқан ауруым… Туған ауылымда аямай қорлады»: Наташа Қалымбетова бар шындықты айтты (ВИДЕО)

11:32, 09 маусым 2026

Оралдық Наташа Қалымбетова әлеуметтік желіде 17 жасында төрт жігіттен зорлық көргенін, 31 жастағы қызын іздейтінін айтқан болатын. Жәбірленуші әйел осы тақырыпта Қасқа жол YouTube арнасына сұхбат берді, деп жазады Alash.kz.

Наташа Қалымбетова арада жылдан өткен, оқиға туралы айтуға ненің түрткі болғанын баяндап берді.

32 жыл бұрын өзімнің туған ауылымда мені аямай қорлап, зорлаған төрт жігіт туралы екі ай бұрын парақшама салған болатынмын. Ішімде жатқан ауруымды елге айтып, пікір алмасайын, тәжірибелі психолог кезігіп қалар, менікіндей жағдайды өткергендер көмектесіп қалар деген оймен бөлістім. Қазір Тайландта тұрып жатырмын. Сол жақта жалға алған көлігімді соғып алдым. Бірнәрсеге ренжісем 32 жыл бұрын болып кеткен нәрсе есіме түседі. Сол күні стреспен жаздым да, бірақ жарияламадым. Артынша салып едім бір күннің ішінде миллион қаралым жинапты. Ертеңі күнi Астанадан хабарласып, іс қозғалғанын айтып елге қайтуымды сұрады. 20-30 минуттан кейін Оралдан хабарласып, қашан келетінімді сұрады. Кейін Тайландтан елге барып-келуге бір айға рұқсат алдым. Оралға келе сала арыз жаздым. Осыған дейін мұндай жағдай тек менің басымнан өтті деп ойлайтынмын. Видеоны жүктегеннен кейін көп қыздың басынан өткенін білдім.

Наташаны қолдаған ел 90 жылдардағы озбырлық пен осыған ұқсас оқиғалардың көп болғанын, оны соңына дейін қолдайтынын жеткізді.

«Темір әйел» десе, артық емес! Мықтысың! Бар жақсыға лайық!

Жылағанына қосыла жыладым! Өксік тығылды… 100% түсінемін.

5 минутта бір қыздың тағдырын ойрандаған арсыздар-ай! 

Мен 90 жылдардың аяғында бір қыздың жүкті болып жүргенін көргенмін. Рэкеттер тепкілеп, зорлап тастаған. Алдырып тастауға уақыты өтіп кеткен. Наташа сияқты қаншама қыз осындай күн кешті! Оның айтып отырғаны - шындық!

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар