Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: Полицияға қатысты жаңа дерек мәлім болды

14:53, 09 маусым 2026

ҚР Ішкі істер министрлігі Әл-Фараби даңғылында орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты тәртіп сақшысына қатысты жүргізілген тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz. 

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне апатқа әкеп соққан әрекетсіздік танытты деген күдік келіп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. Осыған байланысты ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған сериядағы мемлекеттік нөмірді заңсыз бергені үшін Қылмыстық кодекстің 362-бабы, яғни «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша қосымша іс қозғаған еді.

Ведомство өкілдері аталған лауазымдық тексерістің ресми қорытындысын былай деп мәлімдеді:

«3 маусымда тергеу Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде тоқтатылды. Яғни, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты».

Еске сала кетсек, жантүршігерлік жол апаты 21 наурызға қараған түні болған еді. Қарсы бағытқа шығып кеткен Zeekr көлігі Mercedes-пен соқтығысып, салдарынан үш адам — Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі бойжеткен қаза тапқан болатын. Осы іс бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші тараптардың барлығы айыпталушы жүргізушіге кешірім берген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар