Францияның Ножан-сюр-Марн қаласында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың жаңартылған ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Париж маңында өткен бұл игі шараға Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қызметкерлері, қазақ-француз-түрік қауымдастығының мүшелері мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері арнайы қатысты. Жиналғандар Алаш арысының рухына тағзым етіп, оның тарихи рөлін атап өтті.
Мұстафа Шоқай – ұлтының азаттығы мен дербестігі жолында өмірінің соңына дейін аянбай күрескен бірегей тұлға, белгілі публицист. Ол еліміздің абыройы мен ар-намысын халықаралық деңгейде қорғауға өлшеусіз үлес қосқан.