Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құрдастарым қозғалмай қарап тұрды. Төрт жігіт жұлқылап алып кетті»: Наташа Қалымбетова 30 жыл бұрынғы сұмдықты баяндап берді (ВИДЕО)

11:15, 09 маусым 2026

Оралдық Наташа Қалымбетова әлеуметтік желіде 17 жасында төрт жігіттен зорлық көргенін, 31 жастағы қызын іздейтінін айтқан болатын. Жәбірленуші әйел осы тақырыпта Қасқа жол YouTube арнасына сұхбат берді, деп жазады Alash.kz.

17 жасында ауылында сыныптастарымен Аягөз есімді құрдасының үйіне жиылып, сауық құратынын еске алған Наташа Қалымбетова сол күнгі оқиғаны баяндап берді. Айтуынша, сұмдықтың бәрі құрдастарының көз алдында болған.

Терезені қағып бастады. Бір сыныптасымыз атып тұрды да, сыртқа шығып қарар келді. «Үлкен жігіттер жүр» деді. Аягөз келді де, бәрімізге айтты. «Қыздар-жігіттер! Тұрайық! Қазір анам оянып кетсе, ренжиді» деді. Бәріміз тұрдық та, сыртқа шықтық. Есімде әлі күнге дейін. Үстімізде лампа тұрды. Алдымызда 3-4 жігіт тұрды. Капюшондарын беттерін жауып алған. Көрініп тұрған жоқ. Күн салқын. Қараша айы. Дәл алдында тұрдым деп айта алмаймын. Нақты есімде жоқ. Бірақ, ортасында тұрған сияқтымын. Келді де, қолымнан жұлқылап, алып шықты. Марқұм сыныптасым Ақтоты артымнан жүгіріп, «Қайда апара жатсыңдар?» деп, мені ұстады. Итеріп қалды. Ақтоты жерге отырып қалды. Қайтадан тұрды да, тағы жабысты маған. Сол уақытта мына жігіт бетінен ұрды. «Егер, тағы айтатын болсаң, сені де алып кетеміз» деді. Үстімдегі киімім, аяқ киімім бәрі әлі есімде. Мені алып бара жатты. Құрдастарыма қарадым. Сол тұрған жерде қозғалмай тұрды. Қазір ренішім бар. Біреуі болса да, «Намысым бар. Есімде. Сен үшін айтайыншы, Наташа» дегені шықпады. Жағдайларын түсініп отырмын. Бәрі бір ауылда тұрады. Полицияның шақыра беруінен де жалтарады. Құдайдан қорқа ма, қорықпай ма? Білмеймін. Бірақ, «Анонимді болса да, айтайыншы… Шынымен де болдық қой. Ер намысымыз ғой. Құрдасымыз ғой. Отырдық қой» деп айта алмайды. Мені алып бара жатқанда қарап тұрдым. Өйткені, бұл жігіттердің ұсқындарынан «жынды» екені көрініп тұрды. Менің көзім сол Ақтотыда қалып қойды. Отырып қалды. Бетін басып отырды. Көзі менде емес. Әлгі жігіттерге қорқыныш көзбен қарап отырды. Мен екі үйден әрі алып кетті. Басқа үйге кіргізіп алды. Әрі қарай ашып айта алмаймын. Бәрін істеді де, ішіндегі біреуі таңғы сағат төртте Жайықтың жағасына апарып тастады. Апара жатқанда білегімнен қатты ұстап, «Үндемей, тезірек жүр! Қайда апара жатқанымызды білесің» деді. Өйткені, мен қарсылық көрсеткен кезде «Милицияға беремін» дедім. Мені ұрды. Қинады. Ұмытылмас жағдай. Ондайды ойлап, айту… 50 жасқа келіп, есіме түсіру маған оңай емес…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар