Семей қаласының маңындағы Водный кентінде 19 жастағы бойжеткен аяусыз өлтіріліп, аталған қылмысқа қатысты 24 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиға 21 қыркүйек күні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Алдын ала тергеу мәліметтеріне қарағанда, марқұм мен күдікті бұрыннан бір-бірін таныған және олардың арасында қызғаныш салдарынан өзара керіс туындаған. Сөздің соңы жанжалға ұласып, ер адам бойжеткенге пышақ сұғып алған. Алған ауыр жарақатының салдарынан 19 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Бұл жайтқа қатысты марқұмның жақындары әлеуметтік желіде үндеу жариялап, күдіктінің бұған дейін бойжеткенге көңіл білдіргенін, бірақ теріс жауап алғанын жеткізді. Олар бұл қылмысты алдын ала ұйымдастырылған топтық кісі өлтіру деп есептейді және жауапты тараптардың жазадан сытылып кетуінен қауіптенуде.
«21 қыркүйекте Семей қаласында шамамен сағат 18:30-да небәрі 19 жастағы қарындасымды аяусыз өлтіріп кетті! Күдікті – одан бас тарту алған соң, "ол ешкімге бұйырмасын" деп шешкен 24 жастағы ер адам. Бұл алдын ала ұйымдастырылған топтық кісі өлтіру!» — деп жазды марқұмның туысы.
Жақындарына оқиғадан кейін екі сағат өте күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат жеткен. Өз кезегінде Абай облыстық Полиция департаменті қылмыс ізін суытпай 24 жастағы ауыл тұрғынының ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын ресми түрде растады.
«Күдікті ізі суымай ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, күдікті мен 19 жастағы марқұм таныс болған. Олардың арасында қызғаныш негізінде жанжал туындаған», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары марқұм мен күдіктінің бұрыннан таныс болғанын хабарлағанымен, қылмысқа өзге де адамдардың қатысы бар деген деректі әзірге растаған жоқ. Қазіргі