Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ойларыңызды білу мен үшін өте қызық»: Димаш Құдайберген көпшілікке үндеу жасады (ФОТО)

16:04, 23 қыркүйек 2026

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерімен философиялық ой бөлісіп, өнердің адами қатынастар мен әлемдегі рөлі туралы терең толғанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнерді көбінесе күнделікті өмірімізді әсемдейтін құбылыс ретінде — музыка, кино, картиналар мен поэзия түрінде қабылдауға дағдыланғанымызды атап өткен әнші оның шынайы құдіреті мүлдем басқа сипатта жасырын болуы мүмкін екенін жеткізді. Өнердің бір ғана әні адамның дүниетанымын өзгертіп, бір ғана жол шумағы жүректегі өшпенділіктен арылуға түрткі бола алатынын, ал бір әсерлі оқиға мүлдем бейтаныс адамнан өз бейнемізді тануға көмектесетінін пайымдады. Осы орайда өнер ақыл-ой мен сана тоқтата алмаған дүниелерді тізгіндеуге шамасы жете ме деген салмақты сауал қойып, бұған оң жауап алған жағдайда қазіргі әлем ең бірінші кезекте нені естуі тиіс деген ой тастады. Өнер иесі бұл маңызды мәселе төңірегінде өз оқырмандарымен пікір алмасып, бірге ой толғауға шақырды.

«Баршаңызға сәлем! Бүгін сіздермен бірге аздап ой толғап, пікір бөліскенді жөн көрдім. Кейде ойланып отырамын… Біз өнерді өмірімізді көркемдейтін нәрсе деп қабылдауға үйреніп кеткенбіз. Музыка. Кино. Картиналар. Өлеңдер. Алайда оның шынайы құдіреті мүлдем басқада болса ше? Шын мәнінде, жалғыз бір ән адамды өзгерте алса ше? Жалғыз бір жол өлең — өшпенділіктен арылуға мәжбүр етсе ше? Жалғыз бір оқиға — мүлде бөтен адамнан өзіңді көруге көмектессе ше? Содан кейін ең басты сұрақ туындайды: Өнер сана-сезім мен ақыл-ой тоқтата алмағанды тоқтатуға қауқарлы ма? Егер қауқарлы болса — бүгінгі әлем не нәрсені есте сақтауы тиіс? Сіздердің бұл туралы ойларыңызды білу мен үшін өте қызық. Келіңіздер, бірге ой толғап көрейік», — деп жазды әртіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар