Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот процесі аяқталған соң жаңа өмір бастаеанын мәлімдеді. Тіпті желі қолданушыларынан көмек сұрап, кеңескісі келген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Әнші Қайрат Нұртастың жары әділдікке сенетінін, істің әділ шешім табатынына сенетінін айтып, болашаққа қатысты жағымды жаңалықтарын бөлісуге уәде берді.
«Менің өмірімде жаңа кезең басталды. Алда бөлісетін көптеген жақсы жаңалықтар бар» – деді ол.
turkystan.kz порталының жазуынша, желі қолданушылары актрисаның жаңа үйге көшуге дайындалып жатыр деп болжады. Өйткені Әбдікәрімова жазылушыларынан интерьер дизайны, жөндеу жұмыстары мен жиһаз өндірісі бойынша сенімді компанияларды ұсынуды сұрады.
«Енді маған қызық тақырып, ремонт, дизайн интерьера…өйткені жөндеу жұмыстарына дайындық», – деді әртіс.