Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлімі тергеліп жатыр”. Қаралы хабар: Ақмола облысында полиция инспекторы көз жұмды

17:51, 07 желтоқсан 2025

Бүгін Ақмола облысында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция инспекторы жол апатынан қаза тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ақмола облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан инспектордың өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

"Оқиға 7 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты азайтуды және жолдың тарылуын ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын соғып кетті", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар