Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімінің мәйіті табылды

“Өлім себебі анықталуда”. Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімінің мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Май ауылдық округінің әкімі өлі табылды, деп жазады Alash.kz. 

Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Ерлан Смаилов бұл қызметке 2026 жылдың 17 ақпанында тағайындалған. Оған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі 20 желтоқсанда кешке өз үйінің ауласынан табылған еді. Ақтөбе облысында 6 мамырда таңертең Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов та өлі күйінде табылған болатын. Бұл ақпаратты облыс әкімдігі растаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 1
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар