Алматыда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
1991 жылы туған Дүйсебеков Аяз Көшімбекұлы осыдан тура бір ай бұрын, яғни 25 қараша күні күндізгі сағат 12:00 шамасында Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы, 210/7 мекенжайы бойынша орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.