Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Олар бізді қорқытты": Анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар полицейлердің үстінен шағымданды

09:26, 16 қыркүйек 2024 857
 

Түркістан облысының Амангелді ауылында бір-ақ сәтте жетім қалған апалы-сіңілі Ақдидар мен Райхан Толғанбаевалар үндеу жасады, деп жазады Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Олар екі бірдей туғанынан қапыда айырылды.

– Үкімет басшыларынан көмек сұраймыз! Біз – Ақдидар Толғанбаева Ерланқызы, Райхан Толғанбаева Ерланқызы. ҚР Бас прокурорынан, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан көмек сұраймыз.

Анамыз бен сіңілімізді айуандықпен өлтірген Ақанов Абай Асхатұлын өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз.

Біріншіден, сұрайтынымыз, аудан әкімінен бастап түгелдей басшылықтарды, аудандық ішкі істер бөлімі басшылары және олардың орынбасарлары, білім саласында №13 Т.Бигелдинов атындағы мектептің директорына және орынбасарларына шара қолдануды сұраймыз.

Менің және сіңілім екеуіміздің сұрап отырғанымыз, зорлық-зомбылықпен, айуандықпен айналысқан адамды мектеп қабырғасына қалай жұмысқа орналасқанын білгіміз келеді.

Сіздерден көмек сұрау себебіміз, аудан басшылықтары дұрыс жұмыс жүргізгенде, мұндай айуандық болмас па еді, – дейді апалы-сіңілі.

Қайғыдан қабырғасы қайысқан қыздар құзырлы органдардың әрекетіне ашынды.

– Сіңілім екеуіміз құзырлы органдар қорқытқаны үшін жазалауды сұраймыз. Біз іштей жылап, анам мен сіңілімді қара жерге тапсырып, ішімізді өртеп бара жатқанда, олар бізді қорқытты.

Өлім болғаннан кейін бізді күн сайын полицияға шақырды. Подполковник Мұрат Әбілханұлы желіде жариялағанымыз үшін бізге 600 мың теңге айыппұл саламыз немесе 15 тәулік мерзімге бас бостандығынан айырамыз деп қорқытты. Біз анамыз бен сіңілімізден айырылдық, ал қолдаудың орнына бізге қысым жасалуда", - дейді әпалы сіңлілі қыздар.

Айтуларынша, әкелерін де осыдан 15 жыл бұрын біреу өлтіріп, іс сол қалпы жабулы күйінде қалған.

– Осыдан 15 жыл бұрын 28 қазан күні әкеміз Байболатов Ерлан Толғанбайұлы кісі қолынан қаза тапқан. Ол іс бей-жай қалған. Іс мүлдем қозғалған жоқ. Әкеміз өмірден өткеннен кейін анамыз әкенің де, ананың да орнын басып, осы күнге бізді жеткізіп еді. Өзі сіңілім екеуі кісі қолынан қаза тауып отыр.

Арада 15 жыл өтсе де аудан басшылықтары адам өліміне немқұрайлы қарап, қылмыстық іс қозғалған жоқ. Мен және сіңлім осындай айуан адамдардың кесірінен тірі жетім болып қалдық. Айтып өткен мәселелерге бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз, – деді Ақдидар және Райхан Толғанбаевалар.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар