Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың отбасы ол суицид жасады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Alash.kz Orda.kz-ке сілтеп.
Ғайыпбаевтың денесінде зорлық белгілері анықталмаған. Алайда марқұмның отбасы ол суицид жасады дегенге сенбейді. Бұл туралы Нұрболат Ғайыпбаевтың әпкесі айтқан.
Қазіргі таңда марқұмның отбасы бұл жайтқа қатысты қосымша пікір беруден бас тартып, қандай да бір түсірілім жасауға тыйым салған. Олардың сөзінше, Нұрқанаттың денесі мәйітханада, ал полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Шерзат Болаттың отбасын полиция күзететін. Ал Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзі түнгі уақытта шығып кеткен екен.