Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оянбай қалу. Аузыңа жылан жұмыртқаласын: Жанат Бақыт сұмдық болжам айтты

17:15, 30 желтоқсан 2024 1459

Бұрынғы журналист әрі тележүргізуші Жанат Бақыт келер жылы адамдардың денсаулығында болатын өзгерістер туралы болжам айтты, деп хабарлайды Alash.kz Sкifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбаты барысында 2025 жылы адамдардың неден ауыратыны жөніндегі айтқан. 

«Біріншіден гармон жүйесі өзгереді. Адамның клеткасында толықтай жаңару, эндокриндік жүйе, жүйке жүйелерінде өзгеріс орын алады. Қалқанша без, ішек жолдары толық тазарады. Адамның көзінде өзгеріс болады. Жүрек ауруы болуы мүмкін. Ұйықтап жатып, бірден оянбай қалу, жүректің тоқтап қалуы өте көп болады. Сондықтан, менің кеңесім сол жаққа қарап жатуды азайтқан дұрыс», - деді.

Оның бұл болжамы көпшіліктің ашуына тиді. 

«Жағыңа жылан жұмыртқаласын», «Общым өліп қаласың соңында деп тұр ғо», «Мынаның түрі кетіпті ғой», - деп жаза жөнелді желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар