Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді. Бұған дейін ол Тоқаевты әрдайым қолдайтынын айтқан болатын.
– Бұл жолы да референдумға келіп, дауыс беремін, – деді Назарбаев.
Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өтіп жатыр.
Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба? Сұраққа иә немесе жоқ деп жауап беру керек.
Дереккөз