Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаев қоры америкалық басылымды сотқа берді

04:28, 05 тамыз 2022 273
Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистік зерттеумен айналысатын америкалық Journalism Development Network басылымын сотқа берді. Бұл туралы Alash.kz басылымы ИАЦ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұрынғы президенттің атымен аталатын қазақстандық қайырымдылық ұйымы Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиардтаған байлығын құрайтын активтері туралы мақаласы оның іскерлік беделіне нұқсан келтірді» деп, Мэриленд штатында орналасқан коммерциялық емес журналистік зерттеу ұйымын жала жапты деп сотқа берді», - деп хабарлайды сот ғимаратының жаңалықтар қызметі.

Басылымның мәліметінше, Қордың мүддесін Вашингтондағы заңгерлік фирманың заңгері қорғайды. 
«Қор Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қаржылық қолдау көрсету және осы Орталық Азия елі үшін Батыста мамандарды дайындауға көмектесу үшін құрылған», - дейді Вашингтонда орналасқан Boies Schiller Flexner заң фирмасының өкілі және талапкердің адвокаты Мэттью Л. Шварц. 

Бұл іс бойынша жауапкер ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға маманданған Балтимордағы Journalism Development Network, Inc. Бұл 10 жыл бойы бүкіл әлем бойынша саясат пен мемлекеттік органдардағы жемқорлықты қадағалап келе жатқан ақпарат агенттігі. 

«Біз бұл сот ісін негізсіз деп санаймыз және Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауды зерттеу ұйымы (OCCRP) біздің ісімізді қолдайды», - деді Журналистиканы дамыту желісінің атқарушы директоры Дрю Салливан. 

Қаңтардың 19-ы күні жарияланған мақалада Қазақстанның бұрынғы президентімен аттас төрт бөлек қайырымдылық ұйымы аталған. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар