Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Жақсыгеннің соты: соңғы отырыс уақыты белгілі болды

19:30, 03 қыркүйек 2026

Блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді. Сонымен алдағы процестердің жабық форматта өтетіні белгілі болды, деп жазады Alash.KZ

Бұл туралы сотта Фариза Сабыралиеваның қорғаушысы Мұхаммад Алиосман мәлімдеді.

Адвокаттың сөзінше, 14 қыркүйекке жоспарланған сот отырысы істің соңғы процесі болуы мүмкін. Алайда бұдан былай сот отырыстарына журналистер қатыстырылмайды.

«14 қыркүйек соңғы сот болады, жарыссөз өтті. Бүгін сот бізге енді процестің жабық түрде өтетінін айтты. Журналистер қатыса алмайды. Адвокат ретінде бұл шешімді қолдамаймын. Өйткені журналистер тарапынан қандай да бір заңбұзушылық немесе қателік көріп отырған жоқпын», – деді Мұхаммад Алиосман.

Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Сабыралиева биыл көктемде актердің үстінен арыз жазған. Осыдан кейін оның шағымы бойынша тергеу басталған.

Сабыралиеваның айтуынша, бұрынғы күйеуі оған қатысты жала жауып, өзі мен отбасының ар-намысына және беделіне нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтқан.

Ал Нұрсұлтан Жақсыген сот барысында тағылған айыппен келіспеді. Актер бұл сөздерді өзі жазбағанын айтып, кінәсін мойындамаған.

Жақсыгенге қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Іс бойынша сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп таныған жағдайда, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазір тараптардың соттағы жарыссөзі өтіп, іс шешуші кезеңге жетті. 14 қыркүйектегі отырыста сот үкімі шығуы ықтимал. Дегенмен нақты шешім сот талқылауы аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар