Талғар қаласының шетінен қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиғаға қатысты адовакат Марал Жайлаубаева пікір білдірді. Айтуынша Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесін Шерзат Болаттың моласының маңынан туыстары тапқан көрінеді.
“Кешкі астан кейін, телефонына үңілді де, далаға шығып келемін деп кеткен. Бір уақытта телефоны өшіп қалған, кейін туыстарына хат жолдаған. Туыстары полицияға хабарлаған. Талғардың шет жағында болған. Өзіміз әлі бармадық. Ылғи қасында болдық. Нұрқанаттың тарабынан өзін өлтіру дегендей ештеңе болмады”,- деді ол.