Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрлыхан Шархан Париждегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

03:49, 05 ақпан 2024 328
Қазақстандық татами шебері Нұрлыхан Шархан Парижде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында ел қоржынына қола жүлде сыйлады.  Әлемдік Grand Slam турниріне 110 елден 661 спортшы қатысып жатыр.

100 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз швейцариялық қарсыласы Эйч Даниэльді айқын басымдықпен ұтып, жүлделі орынға ие болды. Белдесу барысында жерлесіміздің қарсыласы үш ескерту алып, жеңіс бірден отандасымызға бұйырды.

Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінің үшінші орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді ұтты. Ал Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын.

Ал 3-орынға таласта (-100 кг) швейцариялық балуан Даниэль басым түсті. Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 1000 ұпай, 2-орынға – 700, ал 3-орынға 500 ұпайдан қосылады.

Айта кетейік, турнирге Қазақстаннан 14 спортшы аттанған болатын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар