Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрбек пен Махмұд сынға түседі: Бүгін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

14:23, 07 қыркүйек 2025 159

Бүгін, 7 қыркүйекте қазақстандық бес бірдей боксшы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында шаршы алаңға шығады, деп жазады Alash.kz.

Ерлер арасындағы сынға Махмұд Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) қатысса, әйелдер құрамынан Карина Ибрагимова (57 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) ел намысын қорғайды.

Барлық жекпе-жектерді «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Күндізгі сессия (15:00, Астана уақыты):

  • 5-жұп (А шаршы алаңы). Ерлер, 55 кг, 1/16 финал: Махмұд Сабырхан – Брайан Оуэн Ортис (Мексика).
  • 9-жұп (А шаршы алаңы). Ерлер, 80 кг, 1/16 финал: Нұрбек Оралбай – Матвей Ражба (Украина).

Кешкі сессия (22:00):

  • 2-жұп (А шаршы алаңы). Әйелдер, 57 кг, 1/8 финал: Карина Ибрагимова – Элиза Глинн (Англия).
  • 8-жұп (В шаршы алаңы). Әйелдер, 70 кг, 1/8 финал: Наталья Богданова – Санамача Чану Тхокчом (Үндістан).
  • 14-жұп (В шаршы алаңы). Ерлер, 65 кг, 1/16 финал: Ертуған Зейнуллинов – Юго Гро (Франция).

Айта кетейік, Ливерпульде өтіп жатқан бұл дода – World Boxing ұйымының тарихындағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты болып саналады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар