Талдықорған қаласында өтіп жатқан Шерзат Полат ісіне қатысты сотта Ғайыпбаевтың тағы бір видеосы көрсетілді, деп жазады Alash.KZ.
Бүгінгі сотта жауап берген сотталушы Азамат Тоқтаубаевтың марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевпен тергеу кезінде болған беттестірудің видеосы көрсетілді.
Видеода Нұрқанат Ғайыпбаев Азамат Тоқтаубаевтан:
«16 жастағы бала саған не істеді? Неге жауыздықпен өлтірдің?» деп сұрайды. Ол «Мен ешкімді өлтірген жоқпын» деп жауап береді.
Видеода Ғайыпбаев мылтықты атпағанын айтады.