Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Назым, аяғынан шалған, жолына тосқауыл қойған кедергілерге қарамай жүлде алдың" - спорт шебері Сора Рахмонова

10:55, 07 тамыз 2024 3948

Аралас жекпе-жектен спорт шебері, UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайға қолдау танытып, кесінде спорттағы жолында қастандық та жасалғанын мәлімдеді, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Сора Рахмонова Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайға қолдау танытты:

Сен біз үшін Чемпионсын, Назым!

Он жылдан аса уақыт! Жанып тұрған кезі!
Тыс қалған екі Олимпиада! Назымды дер кезінде бағаламадық!
Қолда барда алтынның қадірін білмедік!
Бәрібір алмас қылыш қап түбінде жатпайды екен!

Аяғынан шалған, жолына тосқауыл қойған кедергілерге қарамастан Назым бәрібір Олимпиададағы өзіне тиесілі жүлдесін алды!

Тағдырдың бермесін тартып алды десе де болады!
Сенің спорттағы жолың барша қазақ қыздарына үлгі!
Біз сенімен мақтанамыз Назым!
Сен біз үшін Чемпионсың!

Олимпиаданың қола жүлдесі құтты болсын Қазақ елі! - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар