Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев дәуірінде билік еткендердің Дубайдан дүркіреген активтері табылды

13:14, 15 мамыр 2024 807

ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туыстарының, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің және өзге де Назарбаев дәуірінің бірнеше өкілдерінің Дубайда қымбат жылжымайтын мүлік түріндегі көптеген активтері табылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық орталы Власть-қа сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Дубайдағы қазынагерлердің арасында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, «Астана Балет» театрының арт-жетекшісі Әсел Құрманбаеваның мүліктері де бар.

Порталдың көрсетуінше, оның Дубайдағы жылжымайтын мүлкінің құны 270 мың доллардан асатын пәтер болған. 

Құрманбаева 2000-жылдары "оффшорлық компаниялар арқылы Назарбаевтың жақын адамдарынан 30 миллион доллар алғаны" аныталды.

Ал Мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаева атына тіркелген ондаған жылжымайтын мүлік табылды.

Кәсіпкер ретінде көрсетілген Венера Баймурзаеваның Дубайдағы жылжымайтын мүлкінің жалпы құны 4,3 миллион доллардан асады. Саны - 50-ден астам жылжымайтын мүлік.

Одан бөлек, Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Берік Имашевтың ұлы Әлжан Имашевтың Дубай қаласындағы Назарбаевтың екінші әйелі қоныстанған жасанды арал аумағында құны 1 миллион доллардан асатын пәтері болған. Айта кетерлігі, құны шамамен 210 мың доллар тұратын пәтерді Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы қызметін атқарған Имашевтың әйелі Лейла Айдарбековадан да тауып алған.

Дубайда тағы да Назарбаев дәуірінің өкілдеріне тиесілі мүлік анықталды.

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың әйелі Бағдат Баталова Дубайдағы элиталық тұрғын үй кешенінен құны шамамен 210 мың доллар тұратын екі бөлмелі пәтердің иесі. Істі болған бұрынғы қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеевтің Дубайда құны 500 мың доллардан асатын пәтері бар.

Сотталған Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының Дубайда құны 2,2 миллион доллардан асатын бес пәтері бар екені белгілі болды.

Экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның күйеуінің туыстары: Қайрат Шәріпбаевтың қызы Қорлан Шәріпбаеваның атында Дубайдағы шамамен 250 мың доллар тұратын пәтер бар.

Қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатқан Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұлы Марлен Тұрғымбаевқа құны 347 мың доллар тұратын пәтер тиесілі болса, Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметовтың атында шамамен 1,6 миллион доллар тұратын вилла бар.

Ал Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ағасы Серік Естай мен жұбайы Айжан Асанованың атында жалпы құны 1,7 миллион долларға жуық 8 пәтер бар екені белгілі болды.

Одан бөлек, құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Сергей Кузьменконың атында да мүлік бар екені анықталды. Кузьменконың Дубайда құны 348 мың доллар болатын екі бөлмелі пәтері бар болып шықты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 254