Соның ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 36%-ға, яғни 4,6 млрд. теңгеге дейін өсіп, негізгі капиталға 32 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ал салық түсімдері 40%-ға өсіп, 11 млрд. теңгеден асты. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыру көлемін ұлғайтылатыны да айтылып отыр. Осы бағытта Наурызбай ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді.
Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жобаны, оның ішінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда.