Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

НАТО Украинадағы сепаратистік республикалардың тәуелсіздігін мойындаған Ресейді айыптады

05:19, 22 ақпан 2022 290
[ad_1]



НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украина шығысындағы "Луганск халық республикасы" және "Донецк халық республикасының" тәуелсіздігін мойындау туралы шешімін айыптады.


21 ақпан күнгі мәлімдемесінде Столтенберг президент Владимир Путиннің шешімі "Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіріп, қақтығысты шешуге жұмсалған бар күш-жігерді зая етеді және [атысты тоқтату] туралы Минск келісімінің шарттарын бұзады" деді.


НАТО, АҚШ пен батыс жетекшілері Ресейді НАТО-ға қосылғысы келген Украинаны басып алуға тырысты деп айыптаған. Украинамен шекарасына 150 мың әскерін орналастырған Мәскеу шабуыл жоспарын жоққа шығарып, НАТО мен батысты аймақта жағдайды тұрақсыздандырды деп кінәлаған. Жуырда Мәскеу НАТО-ның Украинаны солтүстікатлантикалық одаққа мүше ретінде қабылдамайтыны туралы уәдесін алуға тырысқан және Шығыс Еуропадан қару-жарағы мен инфрақұрылымын алып кету туралы да талап қойған.


21 ақпанда Украинадағы сепаратистік аймақтардың "тәуелсіздігін" мойындау туралы шешімін жариялаған Путин НАТО Мәскеудің қауіпсіздік талаптарын "тұтас ескерусіз қалдырды" деп мәлімдеді.


"Мәскеу сепаратистерді қаржылық және әскери тұрғыда қолдап, Украина шығысындағы қақтығысты ушықтыруын тыймады. Ол сонымен бірге Украинаны қайта басып алу үшін сылтау іздеп отыр" деді Столтенберг.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар